Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

ҚҰРМЕТТІ WWW.GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!


«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 13 бабының 5 тармағына сәйкес жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар тізбесінде тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келетін тауарлар болған жағдайда, тапсырыс беруші ең алдымен осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте көлік шығыстары, оның ішінде тауарды тиеуге-түсіруге байланысты шығыстар тапсырыс берушінің есебінен жүзеге асырылады.

Жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесін мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган қалыптастырады және осы сілтеме бойынша танысуға болады.