Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тарапында 2020 жылғы 3 желтоқсаннан бастап техникалық іркіліс тіркелгенін, соған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында қол қою кезінде проблемалардың туындағанын және 2020 жылғы 3 желтоқсан сағат 17:58 бастап 2020 жылғы 4 желтоқсан сағат 13:00 дейінгі аралықтағы «Баға ұсыныстарына сұрау салу», «Ашық конкурс», «Аукцион», «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден», «Арнайы тәртіпті қолданатын конкурс», «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс», «Баға ұсыныстарын сұрату (ГЗ new)», «Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу» сатып алу тәсілдері бойынша «Электронды сатып алулар» модулінің өтінімдері мен қосымша өтінімдерін қабылдау мерзімінің аяқталуы2020 жылғы 5 желтоқсанда сағат 11:00 ауыстырылғанын хабарлаймыз.
2020 жылғы 4 желтоқсан сағат 18:00 түсетін «Арнайы тәртіп қолданылатын конкурс», «Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден сатып алу» өтінімдерін қабылдаудың аяқталу мерзімдері 2020 жылғы 7 желтоқсан сағат 18:00 ауыстырылды.
Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
