Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!


28.02.2020 жаңалыққа қосымша!

  19.10.2020 Мемлекеттік сатып алу веб-порталында КТРУ тізбесі жаңартылды, ол бойынша "Алдын ала біліктілік іріктеуімен Конкурс" тәсілін және "Бағдарламалық қамтамасыз ету тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу" немесе "тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу" белгісінтаңдау қажет және жоғарыда көрсетілген сатып алуға өтінім беруге болатын өнім берушілердің БСН тізбесі жаңартылды. Тізіліммен мына жерде танысуға болады.
 Бұл ретте, "Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс" тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілердің порталда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.
"Бағдарламалық қамтамасыз ету тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу" белгісі бар "Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін Конкурс" тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілерге қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне" жүгіну қажет. "Бағдарламалық қамтамасыз ету тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу" белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен мына жерде танысуға болады.