Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.
ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
13 сәуірде Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі - ББТ) қосуға әлеуетті өнім берушілерді тексеру функционалы іске қосылған. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 6 б. 1 т. 8 тт. сәйкес: әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган оларды Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізеді. ББТ қосуға тексерістер өнім берушінің өтінімді (баға ұсынысын) беру, конкурста қорытындылар хаттамасын, алдын ала рұқсат хаттамасын және аукционда рұқсат хаттамасын қалыптастыру кезеңінде жүзеге асырылады. ББТ тұрған өнім берушілерден жүйе автоматты бас тартады.
