НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуды ауыстыру!
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ-да 2020 жылғы 12 қыркүйекте сағат
00:00-ден бастап 2020 жылғы 13 қыркүйекте сағат 23:59:59-ға дейін
профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, сол себепті Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталы қолжетімсіз болады.
Осыған байланысты, сатып алудың барлық тәсілдері бойынша өтінімдер мен
баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімі мына кезеңге келіп түсетін:
11 қыркүйекте сағат 23:45-тен бастап 2020 жылғы 12 қыркүйекте сағат
23:59:59-ға дейінгілер 2020 жылғы 14 қыркүйекте сағат 18: 00-ге ауыстырылды.
13 қыркүйекте сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 14 қыркүйекте сағат
00:15-ке дейінгілер 2020 жылғы 15 қыркүйекте сағат 18:00-ге ауыстырылды.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
