Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Құрметті Мемлекеттік сатып алу порталының қатысушылары (o-market)!


    Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес (ҚР Қаржы министрінің бұйрығы, 31.01.2020 жылғы №92 бұйрықпен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) 01.06.2020 жылдан бастап мынадай тармақ қолданысқа енгізілгенін еске саламыз:
19) тауарлардың электрондық каталогы - интернет-дүкендер арқылы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар туралы мәліметтер орналастырылатын веб-порталмен интеграцияланған ақпараттық жүйе.».
Анықтамалық:
    «Электрондық қаржы орталығы» АҚ, Мемлекеттік сатып алу порталының бірыңғай операторы ретінде (бұдан әрі – ЭҚО АҚ) «сынама» ретінде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарлардың электрондық Каталогына қол жеткізуді ұсыну бойынша қызметті бәсекелестік негізде сатып алуды жүзеге асырды, онда 31.12.2020 жылға дейін мемлекеттік мекемелердің сатып алуы үшін электрондық Каталог ретінде, www.omarket.kz электрондық алаңы бар отандық өнім беруші «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС жеңімпаз деп танылды.
Каталог құны 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды ~15 мың Тапсырыс берушінің (оның ішінде мемлекеттік мекемелер мен ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік компаниялар) жедел сатып алуы үшін электрондық алаң болып табылатынын атап өтеміз.
    Сонымен қатар, Каталог жетекші логистикалық жүйелермен біріктірілген, бұл Өнім берушіге тауарларды жеткізу туралы ойлмауға мүмкіндік береді – курьерлердің өздері Сіздің тауарды алып кетіп, Тапсырыс берушілерге жеткізеді.
    Жоғарыда айтылғандарға байланысты, бәсекелестікті арттыру, Сіздің сатуларыңыздың көлемін ұлғайту және мемлекеттік мекемелердің тауарларды бір көзден сатып алуды жүзеге асыруының ашықтығы мақсатында - барлық әлеуетті өнім берушілерді Сіздің тауарларыңыз және бағаларыңыз бойынша ақпаратты www.omarket.kz электрондық каталогында орналастыруға шақырамыз.