ҚҰРМЕТТІ GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті осы хатпен келесіні хабарлайды. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V жаңа Заңы (Бұдан әрі –Заң) қолданылуда.
Заңның 12 - бабының 4 - тармағына сәйкес Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі (Бұдан әрі – ЖҚТ):
1) тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзған, орындалуы барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіндігі немесе өзінің осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені, соның нәтижелері бойынша осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік бергені анықталған өнім берушілердің;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілердің (екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің);
3) өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.
Заңның 12 - бабының 5 - тармағының екінші абзацына сәйкес Заңның 12 бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты 2016 жылғы 15 наурыздағы № 6001-16-3-1-6/28 хатымен (хаттың көшірмесі қоса берілді) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі келесідей хабарлағандығын атап өтеміз.
Шарт жасаудан жалтару негізі бойынша жосықсыз қатусышылар деп таңу туралы талап арыздары жаңа Заң қабалданғанға дейін бұзышылық орын алған жағдайда ғана сотпен қаралуы мүмкін.
Егер бұзушылық Заң қолданысқа енгеннен кейін орын алса, бұл мәселенің шешімі уәкілетті органның құзыретіне жатады. Жоғарыда мазмұндалғанның негізінде ЖҚТ-не енгізу үшін, уәкілетті органның (ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу комитеті - БСН 140540018167) мекен-жайына растайтын құжаттарды, талап арызды қараудан бас тарту туралы сот ұйғарымын, сонымен қоса қосымшаға сәйкес нысанда (қосымша қоса берілді) өнім беруші туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жолдау қажет.
