Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

ҚҰРМЕТТІ GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 44-бабы 1- тармағына сәйкес, егер жеңімпаз деп танылған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 416-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен шарт жасасудан жалтарған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы шартты қамтуы тиiс. Бұл ретте тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартты бұзуға ниеттілігі туралы хабарлама жібереді. Егер өнім беруші веб-портал арқылы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші шартты бұзу туралы хабарлама жібереді. Жоғарыда баяндалғанға байланысты, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартты бұзуға ниеттілігі туралы хабарлама жіберуге міндетті екеніне назар аударуыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларының» (бұдан әрі – Қағида) 25-тарамғына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған әлеуетті өнім беруші осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның веб-портал арқылы қабылдаған шешімімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізіледі.

Қағидалардың 24-тарамғына сәйкес, заңнамаға сәйкес уәкілетті органға ұсынған мәліметтердің дұрыстығы үшін тапсырыс беруші жауапты болады. Тапсырыс берушінің ұсынған мәліметтерін қарау кезінде уәкілетті орган оның толтырылуының толықтығы мен дұрыстығын тексеруде форматты-логикалық бақылауды жүзеге асырады.

Осыған орай, тапсырыс берушілер веб-портал арқылы уәкілетті органға әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер туралы мәлімет берген кезде шартты бұзуға ниеттілігі туралы және шартты бұзу туралы хабарламаның көшірмелерін қоса берулерін сұраймыз.