Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
2020 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесіндегі Интернет желісінен DDOS-шабуылдардың алдын алу бойынша ілеспе техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.
Қазіргі уақытта Қоғам Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК бірлесіп жүйеге толық қолжетімділікті қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Орталық мынадай іс-шараларды өткізді:
Өтінімдерді қабылдаудың, баға ұсыныстарын қабылдаудың, өтінімдерді толықтыруларды қабылдаудың, аукциондық сауда-саттықтың басталуының 2020 жылғы 13 мамыр сағат 11:00 бастап 2020 жылғы 14 мамыр сағат 13:00 дейінгі аралыққа түсетін мерзімдер 2020 жылғы 15 мамырда сағат 13:00 ауыстырылды.
2020 жылғы 13 мамыр сағат 11:00 бастап 14 мамыр сағат 18:00 дейінгі кезеңге түсетін «Арнайы тәртіп қолданылатын конкурс», «АТҚО БК» және «АТ белгісі бар БҰСС-мен БК» сатып алу тәсілдері бойынша «Жарияланды» статусындағы өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімдері 2020 жылғы 15 мамыр сағат 13:00 ауыстырылды.
2020 жылғы 13 мамыр сағат 00:00 бастап 2020 жылғы 14 мамыр сағат 13:00 дейінгі аралықтағы камералдық бақылау хабарламаларын жөнелту мерзімдері, хабарламаларды орындау мерзімдері, шағымдар, қарсылықтар, қорытындылар беру мерзімдері, шарттарға қол қою 2020 жылғы 14 мамырда сағат 23:59:59 ауыстырылды.
Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіз (парақтар бойынша бөлу).
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
