Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!


Сіздерге 2020 жылдың 5 наурыз айында мемлекеттік сатып алу веб-порталында шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын әлеуетті өнім берушілерге «Шағын кәсіпкерлік субьектісі» белгісі тағайындалғанын хабарлаймыз. Пайдаланушының жеке кабинетінде Қатысушы бейіні-атрибут бөлімінде белгінің болуын тексеруге болады. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын және мемлекеттік сатып алу жұмыстарына қатысатын әлеуетті өнім беруші Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 447-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келсе, ол қаржылық тұрақты деп саналады, сонымен қатар шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін ереженің 447-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тексеру жүзеге асырылмайды.