Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Электронды депозитарий бойынша!


Электронды депозитарий бойынша!
Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 92 бұйрығымен (ҚР ӘМ 2020 жылғы 31 қаңтарда №19955 тіркелген) әлеуетті өнім берушінің Электронды депозитарийді толтыру мерзімін ұзарту бөлігінде оны қалыптастыру тәртібіне өзгерістер енгізілді.
Оның ішінде, жұмыс өтілін растайтын мәліметтермен және құжаттармен Электронды депозитарийді толтыру мерзімі 2020 жылғы 29 ақпанға дейін созылады.
Осыған байланысты, құрылыс саласындағы барлық әлеуетті өнім берушілерді 2020 жылғы 29 ақпанға дейінгі мерзімде электронды депозитарийді толтыруды, атап айтқанда веб-порталға жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізуді сұраймыз.
Жоғарыда көрсетілген мерзімде жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізбеген жағдайда, мұндай мәліметтер мен құжаттардың сенімділігін растағаннан кейін (қарау мерзімі 2 айдан 6 айға дейін) уәкілетті органмен электронды депозитарийға енгізілетін болады.
Бұйрықтың, Салыстырмалы кестенің жобасымен осы жерде танысуға болады. (1, 2).