Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Құрметті өнім берушілер!


Құрметті өнім берушілер!
22 қаңтарда «Қазақстандық қамтылым» интернет-порталымен интеграция жүргізу арқылы «СТ – KZ» сертификаттары туралы деректерді алу бойынша «Шарттар» модулін пысықтаудың ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт модульдеріне сәйкес Өнім беруші тауар Қазақстанда өндірілген жағдайда тауардың шығуы туралы "СТ-KZ" сертификатын ұсынуы тиіс. Осы пысықтау аясында Өнім беруші тауардың Қазақстанда шыққаны туралы сертификат файлын тіркемейтін болады.
Портал www.ks.gov.kz (сертификаттың бар екендігі туралы деректерді www.ks.gov.kz сайтында тексеруге болады) сайтынан алынған «СТ – KZ» сертификатын таңдауға мүмкіндік береді. Таңдалып алынған сертификаттың деректері автоматты түрде жергілікті қамтылым туралы есепте сақталады (Өнім берушінің нұсқаулығы – Өнім берушінің іздеуін және «Қазақстандық қамтылым» интернет-порталынан алынған «СТ – KZ» сертификаты бойынша алынған деректерді қараңыз)