Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
2019 жылғы 19 қазандағы сағат 19:00 бастап сағат 22:35 дейін «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ техникалық жұмыстар жүргізілетінін, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтерді алу өңделмегенін хабарлаймыз.
Осыған байланысты 2019 жылғы 19 қазандағы сағат 18:45 бастап 22:50 аралығына дейін келіп түсетін өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуы, сондай-ақ «Ашық конкурс» және «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» сатып алу тәсілдері бойынша «Электронды сатып алулар» модулінің ашу процедуралары 2019 жылғы 20 қазандағы сағат 03:00 ауыстырылды.
Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.
