Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Барлық ұйымдастырушылар мен өнім берушілерге!!!


2019 жылғы 14 қазанда Мемлекеттік сатып алу веб-порталының өнімді серверінде «Жобалауды сатып алу» белгісі бар екінші рет сатып алуды жариялау кезінде, атап айтқанда «Екінші рет» типіндегі сатып алуларда 5-қосымшаның (Құрылыс-жөндеу жұмыстарын және жобалауды сатып алу кезіндегі Өнім берушінің біліктілігі туралы мәлімет) жоқ екендігі тіркелді.
Орын алған қателік 2019 жылғы 14 қазанда жаңадан құрылатын хабарландырулар үшін Орталық мамандарымен жойылды. 2019 жылғы 14 қазанға дейін жарияланған сатып алулардағы қате жойылды (тізімді қараңыз).



Ағымдағы сәтте «Жарияланды» статусындағы 5-қосымшасы (Құрылыс-жөндеу жұмыстарын және жобалауды сатып алу кезіндегі Өнім берушінің біліктілігі туралы мәлімет) жоқ хабарландыру бойынша өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілер үшін өтінімді кері қайтарып алу және өтінімді 5-қосымшамен бірге ұсыну қолжетімді екендігін хабарлаймыз.