Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
2019 жылғы 28 қыркүйектегі сағат 22:00 бастап сағат 29 қыркүйектегі 00:55 дейін «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтерді алу өңделмегенін хабарлаймыз.
Осыған байланысты 2019 жылғы 28 қыркүйектегі сағат 21:45 бастап 29 қыркүйектегі сағат 01:00 аралығына дейін келіп түсетін өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуы, сондай-ақ «Ашық конкурс», «Аукцион» және «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» сатып алу тәсілдері бойынша «Электронды сатып алулар» модулінің ашу процедуралары 2019 жылғы 29 қыркүйектегі сағат 04:00 ауыстырылды.
Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.
