Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!


Мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы Жеке кабинетке кірген кезде «Қолтаңбаны қалыптастыру кезіндегі қате» қатесі орын алған жағдайда, браузердегі импортталған сертификатты жойып, браузердің тарихын тазалау қажет екендігін хабарлаймыз. Аталған проблеманың сертификаттары бұрындары браузерде импортталған пайдаланушыларда орын алғандығын хабарлаймыз. Төменде пайдаланған браузерге байланысты орындалуы қажет іс-әрекеттердің түбегейлі сипаттамасы берілген:


1.    MOZILLA FIREFOX

Оң жақ жоғарғы бұрыштағы «Баптау» - «Құпиялылық және Қорғау» - «Сертификаттар» - «Сертификаттарды қарау» - «Сіздің сертификаттарыңыз» 3 көлденең жолақты басып - импортталған сертификатын таңдап, «Жою» батырмасын басу.

Одан әрі «Баптау» - «Құпиялылық» жиегіне өтіп – «Жеке куктарды жою» сілтемесін басыңыз – ашылған кішкентай терезедегі «Барлық куктарды жою» батырмасын басыңыз – қысқа мерзімді жүктегеннен кейін аталған терезені жауып, «Жуырдағы тарихыңызды жойыңыз» сілтемесін басыңыз – «Жою» жиегіндегі ашылатын тізімнен «Барлығы» жиегін таңдап – мына төмендегілерді белгімен белгілеңіз:

- кірулер мен жүктеулер журналы- нысандар мен іздеу журналы 
- куктер
- кэш
- белсенді сеанстар 
Одан кейін «Қазір жойыңыз» батырмасын басып, қысқа мерзімді жүктеуден кейін «ОК» батырмасын басыңыз.

 

2. Google Chrome

Оң жақ жоғарғы бұрыштағы «Баптау» - «Қосымша» - «Сертификаттарды баптау» - 3 көлденең жолақты басып - импортталған сертификатын таңдап, «Жою» батырмасын басу.

Одан әрі «Баптау» - «Тарих» жиегіне өтіп – «Тарихты жою» сілтемесін басыңыз - «Төменде көрсетілген элементтері жою» жиегінде – «Барлық уақыт ішінде» батырмасын таңдап – мына төмендегілерді белгімен белгілеңіз:

- қарау тарихы, 

- жүктеу тарихы, 

- cookie файлдары,

- суреттер мен басқа да файлдар,

- авто толтыруға арналған деректер,

Одан кейін «Тарихты тазалау» батырмасын басыңыз.

Браузердің кэш-жадысын тазалағаннан кейін аталған браузерді МІНДЕТТІ ТҮРДЕ іске қосыңыз.