Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
09:31 бастап 10:43 дейінгі кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталында сатып алуды іздестіру проблемасына, сондай-ақ 11:16 бастап 18:00 дейінгі кезеңде Жүйенің мерзімді ұзақ жүктелуіне байланысты Орталық мынадай іс-шараларды жүргізді:
Өтінімдерді қабылдауды аяқтау, баға ұсыныстарын қабылдау, өтінімдерді толықтыруды қабылдаудың 2019 жылғы 18 маусым сағат 09:00 бастап 2019 жылғы 19 маусым сағат 10:00 дейінгі мерзімі 2019 жылғы 19 маусым сағат 15:00 ауыстырылды.
Аукциондық сауда-саттық бойынша 2019 жылғы 18 маусым сағат 09:00 бастап 2019 жылғы 19 маусым сағат 10:00 дейінгі кезеңге түсетін сауда-саттықтың басталу мерзімі 2019 жылғы 19 маусым сағат 15:00 ауыстырылды.
2019 жылғы 18 маусымдағы сағат 23:59:59 түсетін камералдық бақылау хабарламаларын жіберу мерзімдері, мемлекеттік аудит комитетінің хабарламаларды жіберу мерзімдері, ұйымдастырушылардың хабарламаларды орындау мерзімдері, шағымдар,қарсылықтар, қорытындылар беру мерзімдері 2019 жылғы 19 маусымдағы сағат 23:59:59 ауыстырылды.
Сатып алу бойынша ауыстырылған ақпаратты қарау үшін келесі сілтеме (парақтар бойынша бөліну) бойынша өтіңіз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
