«Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ-дағы алдын алу жұмыстары
2018 жылғы 29 желтоқсанда сағат 20:00 бастап 2018 жылғы 2 қантардың сағат 22:50 дейін «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтерді алу өңделмейтінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты 2018 жылғы 28 желтоқсанда сағат 18:30 бастап 2018 жылғы 3 қантардың сағат 11:00 аралығына дейін келіп түсетін өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуы, сондай-ақ «Ашық конкурс» және «Аукцион» сатып алу тәсілдері бойынша «Электронды сатып алулар» модулінің ашу процедуралары 2019 жылғы 7 қантар сағат 11:00 ауыстырылды.
Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.
