«Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ-дағы алдын алу жұмыстары
«Орталықтандырылған
біріздендірілген дербес шоттар» АЖ-да 2018 жылғы 3 қараша сағаттан 21:00 бастап
22:20 сағатқа дейінгі алдын алу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған
байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық
берешегі туралы мәліметтерді алу өңделмейтін болады.
Осыған
байланысты, 2018 жылғы 3 қарашадағы 20:45 сағаттан бастап 2018 жылғы 2018 жылғы
4 қарашада 09:00 сағатқа дейінгі кезеңге түсетін «Ашық конкурс» және «Аукцион»
сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алу» модулінің өтінімдерін
қабылдаудың аяқталу мерзімдері, сондай-ақ ашу рәсімдері 2018 жылғы 4 қарашадағы
11:00 сағатқа ауыстырылған болатын.
Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша
келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
