НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! САТЫП АЛУДЫ АУЫСТЫРУ
2018 жылғы 27 қазанның сағат 22:00 бастап 2018 жылғы 28 қазанның сағат 06:00 қоса алғанда «Қазақтелеком» АҚ техникалық жұмыстарға байланысты «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ уақытша қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз, соның салдарынан көрсетілген кезеңде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтерді алу пысықталмайтын болады.
Осыған байланысты, 2018 жылғы 27 қазанның сағат 21:30 бастап 2018 жылғы 28 қазанның сағат 09:00 қоса алғандағы кезеңге түсетін «Ашық конкурс» және «Аукцион» сатып алу тәсілі бойынша «Сатып алу» модулінің өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімдері, сондай-ақ ашу рәсімдері 2018 жылғы 28 қазанның сағат 18:00 автоматты ауыстырылған болатын.
Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
