Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

«Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ-дағы алдын алу жұмыстары


«Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ-да 2018 жылғы 5 шілде сағат 21:00 бастап 2018 жылғы 6 шілде сағат 02:00 дейінгі алдын алу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтерді алу өңделмейтін болады.
Осыған байланысты, 2018 жылғы 5 шілде сағат 21:00 бастап 2018 жылғы 6 шілде сағат 11:00 дейінгі кезеңге түсетін «Ашық конкурс» және «Аукцион» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алу» модулінің өтінімдерін қабылдаудың аяқталу мерзімдері, сондай-ақ ашу рәсімдері 2018 жылғы 6 шілде сағат 19:00 ауыстырылған болатын.
Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз. 

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз