Назар аударыңыз! Шарттарды «Шарт жобасы» мәртебесіне ауыстыру
2018 жылғы 30 маусым сағат 23.30-дан 2018 жылғы 4 шілде аралығындағы кезеңде құрылған шарттарда, 2018 жылғы 30 маусым сағат 23.59-ға дейін жарияланған «Ашық конкурс», «Аукцион», «Баға ұсыныстарын сұрату», «Өткізілмеген сатып алу (хабарландырулар) бойынша бір көзден алу», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу» тәсілдерімен өткізілген сатып алу негізінде 2018 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары өзгеруіне байланысты (Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 562 бұйрығы) тауарлар/көрсетілетін қызметтер/жұмыстар үшін мемлекеттік сатып алу туралы жаңартылған үлгілік шарттар көрсетілген, бұл дұрыс емес болып табылады. Жүйе 2018 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болған сатып алудан үлгілік шарттарды көрсетуі тиіс.
Осыған байланысты 2018 жылғы 30 маусым сағат 23.30-дан 2018 жылғы 4 шілде аралығындағы кезеңде құрылған, 2018 жылғы 30 маусым сағат 23.59-ға дейін жарияланған «Өнім берушіге келісуге жіберілді», «Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді», «Тапсырыс берушіде қол қоюда» мәртебесімен шарттар «Шарт жобасы» мәртебесіне ауыстырылады, онда сатып алудан дұрыс үлгілік шарттар автоматты түрде көрсетілетін болады. «Шарт жобасы» мәртебесіне ауыстырылған шарттар тізімі сілтеме бойынша берілген.
Уақытша жайсыздық үшін кешірім сұраймыз.
