«Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ-да профилактикалық жұмыстары
«Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ-да 2017 жылғы 12 қантардың сағат 21:00 бастап 2017 жылғы 12 қантардың сағат 23:00 дейін профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтерді алу өңделмейтінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты, 2017 жылғы 12 қантардың сағат 20:30 бастап 2017 жылғы 12 қантардың сағат 23:30 дейінгі кезеңге түсетін «Ашық конкурс» және «Аукцион» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алу» модулінің өтінімдерін қабылдауды аяқтау мерзімдері, сондай-ақ ашу рәсімдері, қорытындыларын шығару 2017 жылғы 13 қантардың сағат 11:00 ауыстырылған болатын.
Ауыстырылатын сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
