Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!


Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 2 шілдегі № 455 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2026 жылғы 3 шілдеде № 39228 болып тіркелді) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 1215 «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласында тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы», 2021 жылғы 24 қарашадағы № 1216 «Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу веб-порталдарының жұмыс істеу, оның ішінде веб-порталдар жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы», 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1252 «Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы», 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы», 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 «Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы», 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» және 2025 жылғы 30 шілдедегі № 412 «Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілердің электрондық әмиянынан ақшаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында есепке жатқызу және (немесе) аудару (мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шоты) қағидаларын бекіту туралы» түзетулер енгізілді. Аталған бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (zan.gov.kz). Бұйрықтың мәтінімен және Салыстырмалы кестемен осында танысуға болады.