Назар салыңыздар! Сатып алу ауыстырылады!
Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2026 жылғы 4 шілде сағат 10:00-ден бастап 6 шілде сағат 23:59:59-ға дейін жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізілетінін, осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында мемлекеттік сатып алу веб-порталы қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз.
Осыған байланысты, мынадай кезеңге келетін барлық сатып алу тәсілдері бойынша өтінімдер мен баға ұсыныстарын қабылдауды аяқтау мерзімдері:
2026 жылғы 4 шілде сағат 08:00-ден 23:59:59-ға дейінгі кезеңге келетін мерзім 2026 жылғы 7 шілде сағат 18:00-ге ауыстырылды, сатып алу тізімін қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз;
2026 жылғы 5 шілде сағат 00:00-ден 23:59:59-ға дейінгі кезеңге келетін мерзім 2026 жылғы 8 шілде сағат 18:00-ге ауыстырылды, сатып алу тізімін қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз;
2026 жылғы 6 шілде сағат 00:00-ден 23:59:59-ға дейінгі кезеңге келетін мерзім 2026 жылғы 9 шілде сағат 18:00-ге ауыстырылды, сатып алу тізімін қарау үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.
