Құрметті қолданушылар!
Құрметті әлеуетті өнім берушілер!
«Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қолжетімділік алу) қызметтерінің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының күшіне енуіне байланысты, 2026 жылғы 26 маусымнан бастап тарифтердің бұрын бекітілген сомалары күшін жоятынын хабарлаймыз.
Бекітілген жаңа тарифтермен веб-порталдың басты бетіндегі «Тарифтер» бөлімінде таныса аласыз:
https://goszakup.gov.kz/ru/welcome/pay
.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты мыналарды ескеру қажет:
1) 2026 жылы тариф сатып алмаған өнім берушілер үшін - 2026 жылғы 26 маусымнан бастап жаңа тарифтер бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қолжетімділік алу) қызметін сатып алу қолжетімді болады.
2) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 25 маусымды қоса алғандағы кезеңде тарифті төлеген өнім берушілер үшін - жаңа тарифті қосу және бұрын төленген тариф пен жаңа тариф арасындағы айырманы қайтару үшін 2026 жылғы 26 маусымнан кейін веб-порталды пайдалану (қолжетімділік алу) қызметтеріне арналған актіге «Жұмыс кабинеті» → «Жеке шот» бөлімінде қайта қол қою қажет. Көрсетілген іс-қимылдар орындалғаннан кейін тарифті өзекті құн бойынша қосу қамтамасыз етіледі, ал айырма сомасы одан әрі пайдалану не белгіленген тәртіппен қайтару үшін қолжетімді болады.
3) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 25 маусымды қоса алғандағы кезеңде бiрнеше тарифтер төлеген өнім берушілер үшiн – тариф бойынша бiрнеше шарттар болған жағдайда (бұрын орындалған және қазiргi уақытта қолданыстағы) шарттарға бірізділікпен қол қою қажет. Бірінші кезекте аз сомаға бұрын төленген тариф бойынша шартқа қол қою қолжетімді болады. Көрсетілген іс-қимыл аяқталғаннан кейін қолданыстағы (белсенді) тарифке қол қою қолжетімді болады. Жүйе тарифтерді қайта қосу кезінде іс-қимылдардың осы реттілігін ескеретін болады.
