ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!
«Электрондық коммерция орталығы» АҚ Мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі – Портал) өнімдік серверінде алдын алу жұмыстарының жүргізілетіндігі туралы хабардар етеді, осыған байланысты 2017 жылғы 1 желтоқсанда 11:00 сағаттан бастап 19:00 сағатқа дейін Портал мезгіл-мезгіл қол жетімді болмауы мүмкін екендігін, ал 2017 жылғы 2 желтоқсанда 11:00 сағаттан бастап 2017 жылғы 3 желтоқсанда 19:00 сағатқа дейін Портал көрсетілген кезеңде қол жетімді болмайтындығын хабарлаймыз.
Осыған байланысты Орталық әлеуетті өнім берушілерге аяқталу мерзімдері көрсетілген уақыт кезеңіне тура келетін сатып алуға қатысу туралы ақпаратты алдын ала жіберуді ұсынады. Сатып алу бойынша өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімдерін ауыстыру жөніндегі ақпарат кейінірек ұсынылатын болады.
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
