ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!
«Қазақтелеком»
АҚ ақпараттық жүйелерінің дирекциясы – филиалы электрмен қоректендіруден
жабдықты ажыратумен, Астана уақыты бойынша 2017 жылғы 24 қарашадағы сағат 19:30
бастап 2017 жылғы 25 қарашадағы сағат 10:00 қоса алғанда «Қазақтелеком» АҚ
желісінде жоспарлы жұмыстарды өткізетінін, осыған байланысты мемлекеттік сатып
алу веб-порталы уақытша қолжетімсіз болатынын хабарлайды.
Орталық
әлеуетті өнім берушілерге аяқталу мерзімдері уақыттың көрсетілген кезеңіне
түсетін сатып алуда қатысу туралы ақпаратты алдын ала жіберуді, сондай-ақ ол
бойынша 2017 жылғы 24 қарашада қол қойылу мерзімі бітетін шарттарға қол қоюды
ұсынады.
Осыған
байланысты Порталда 2017 жылғы 24 қарашаның сағат 19:00 бастап 2017 жылғы 25
қарашаның сағат 12:00 қоса алғандағы кезеңге түсетін өтінімдерді қабылдаудың
аяқталу мерзімдері, сондай-ақ ашу рәсімдері, камералдық бақылауды жүзеге
асырудың аяқталу мерзімдері, өнім берушілердің шағымдары бойынша шарттарды
жасасуды тоқтатудың аяқталу мерзімдері 2017 жылғы 25 қарашаның сағат 23:00
автоматты ауыстырылатын болады.
2017 жылғы
24 қарашаға түсетін өнім берушілер тарабынан шарттарға қол қою мерзімі 2017
жылғы 25 қарашаға автоматты ауыстырылатын болады.
Ауыстырылған
сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.
Шарттар бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша
қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
