Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

«ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ БОЙЫНША БАРЛЫҚ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРГЕ!!!


«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-бабы 3-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу табиғи монополия салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсетуді сатып алу немесе электр энергиясын кепілдендірген берушімен электр энергиясын сатып алу-сату жағдайында жүзеге асырылады деп белгіленген.

Тұтынушылармен (мемлекеттік мекемелермен) шарт жасасу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 233 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген үлгілік шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартының шеңберінде өнім беруші электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдары көрсеткіштерінің немесе Шарт талаптарына сәйкес тұтынудың басқа есебінің негізінде есептік кезеңнен кейінгі айдың 7-күнінен кешіктірмей тұтынған электр энергиясының төлемін өтеу үшін тұтынушыға ай сайын төлем құжатын жазып береді деп көзделген.

Ал, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес төлем құжаты – осының негізінде тұтынушылар төлем жүргізетін құжат (төлем шоты, фактура шоты, хабарландыру, түбіртек) болып табылады.

Сонымен қатар, Азаматтық кодекстің 387-бабы 1-тармағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғамен жасалған және мұндай тұлға өз қызметiнiң сипатына қарай оған жүгінетін әркiмге қатысты жүзеге асырылуға тиіс тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметi, энергиямен жабдықтау, медицина, қонақүй қызметiн көрсету және т.б.) жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады деп белгіленгенін атап айтамыз.

Осылайша, егер қызметтерді есепке алу есепке алудың сертификатталған жүйелері (құралдар) арқылы жүргізілген жағдайда, энергиямен жабдықтау қызметтерімен байланысқан актілерді өнім берушілердің ұсынуы бөлігінде тапсырыс берушінің талабын жария шарт шеңберінде жою мүмкін деп есептейміз.