Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.
ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
14 тамызда «Шарттар» модулінің бекітілген актілерді қайтарып алу бөлігіндегі жаңартулары ауыстырылды. Енді «Бекітілді» мәртебесіндегі Тапсырыс беруші үшін актіде «Қайтарып алу» әрекеті қол жетімді – актіні қайтарып алуға Тапсырыс беруші бастама жасайды. Өнім беруші актіні қайтарып алуды растағаннан кейін актінің мәртебесі «Қабылдаудан бас тартылды» дегенге өтеді және актінің «Жоба» мәртебесіндегі жаңа нұсқасы құрылады. Актіні қайтарып алу жөніндегі барлық әрекеттер жеке кабинетке хабарламалар жөнелте отырып, актілерді келісу журналында тіркеледі (Тапсырыс берушінің нұсқаулығын 2.20.1.6-т., Өнім берушінің нұсқаулығын 2.7.2.7-т. қараңыз).
