Всем Заказчикам!
Құрметті Тапсырыс
берушілер, 24.07.2023 ж. веб-порталда
тапсырыс берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 43-бабының
2-тармағында белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жолдауы бойынша форматтық-логикалық
бақылау белгіленгенін хабарлаймыз.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы өнім
берушіге уақтылы жіберілмеген жағдайда, тапсырыс
берушінің жеке кабинетінде іс-қимыл бұғатталатын
болады.
Бұл ретте,Тапсырыс берушіге шарт жобасын құру
және жіберу, сондай-ақ осы Шарт бойынша жоспар тармағына өзгерістер енгізу (ББС-ға өзгерістер
енгізу, сатып алудан бас тарту, құқықтарды беру) бойынша мүмкіндік берілетінін
атап өтеміз.
Бұл пысықтау «Баға ұсыныстарын
сұрату», «Негіздемелік келісім пайдаланылатын конкурстың
екінші кезеңі», «Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс», «Ашық
конкурс», «Аукцион», «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу» тәсілдерімен
жүргізілген мемлекеттік сатып алуға қолданылады.
Толығырақ Тапсырыс берушініңнұсқаулығынан танысуға болады.