Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы №1061 бұйрығына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді (ҚР ҚМ 11.12.2015 ж. №648 бұйрығымен бекітілген).

Веб-порталда қабылданған түзетулерді іске асыру үшін 2022 жылғы 2 қарашадан бастап функционалға мынадай пысықтаулар жүргізілді:

            1. Веб-порталда өткен жылдың алдындағы үш жыл кезеңіндегі камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған мемлекеттік кіріс органдарының хабарламалары бойынша осы көрсеткіштерді негізсіз асыра бағалауға әкеп соғатын салық заңнамасын бұзушылықтар жойылғанға дейін Әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін көрсетпеу (сатып алуға қатысуға өтінімдерді бәсекелестік тәсілдермен беру және тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шарт жасасу мүмкінсіздігіне әкеп соғады);

2. Әлеуетті өнім берушілердің шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының электрондық нысаны түрінде ұсыну мүмкіндігі;

3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың үлгілік үлгілері жаңартылды;

4. Ұсынылған өтінімдердің болмауына байланысты ұлттық режимнен алуға жататын тауарларды мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, осы сатып алуды өзге өнім берушілер арасында өткізу мүмкіндігі;

5. Астана қаласы уақыты бойынша сағат 09:00-ден бастап келесі жұмыс күніне талқылау хаттамасы жарияланғаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдауды жүзеге асыру;

6. Конкурстық құжаттаманың, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға 7 және 11-қосымшалардың үлгісі жаңартылды;

7. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарды, объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша жұмыстарды, техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару бойынша инжинирингтік қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер үшін қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін есептеу формулалары өзгертілді;

8. Мынадай бөлікте «Электрондық депозитарий» функционалын пысықтау:

өтінімдерді түзетуге жіберу,

өнім берушінің түзетуге жіберген өтінімдері бойынша келіспеушіліктерді жөнелту мүмкіндіктері,

Қазынашылық департаменттерінің қызметкерлерінің түзетуге арналған өтінімдерді және келіспеушілік өтінімдерін қарау;

өтінімдерді бұғаттауға жіберу;

«Әлеуетті өнім берушінің мәртебесі» жолында бас мердігер немесе қосалқы мердігер таңдалатын, «Тапсырыс беруші» жолында ММ тізілімінде жоқ ұйымның БСН таңдалатын (жүйе «расталған» мәртебесінде екі сұрау салудың болуын талап ететін) орындалған жұмыстар бойынша мәліметтерді келісуге жіберу кезіндегі шарттардың өзгеруі.