Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Барлық тапсырыс берушілерге!


Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі №95 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №1127 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне өзгерістер енгізілді.

Жоғарыда аталған өзгерістерді іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 27 қыркүйектен бастап веб-порталда функционалға тиісті пысықтау жүргізілді.

Бұл ретте, жоспардың тармақтарына белгіні дұрыс беру және Бірыңғай ұйымдастырушы арқылы сатып алуды одан әрі жариялау мақсатында тапсырыс берушілер «Өтінім», «Өтінім жобасы», «Лот жобасы», «Өтінім қабылданбады», «Өтінім кері қайтарылды» мәртебелері бар жоспар тармақтарын мынадай жолдармен «Бекітілген» мәртебесіне дейін кері қайтарып алуы қажет:

- «Өтінім» мәртебесі кезінде - жылдық жоспарда өтінімді кері қайтарып алу;

- «Өтінім жобасы» мәртебесінде - өтінім жобасын жою және жылдық жоспарда өтінімді кері қайтарып алу;

- «Лот жобасы» мәртебесінде - хабарландыру жобасын жою және жылдық жоспарда өтінімді кері қайтарып алу;

- «Өтінім қабылданбады» мәртебесінде - қабылданбаған өтінімде «Өңдеу» батырмасын басу және «Жоба» мәртебесінде пайда болған өтінімді жылдық жоспарда алып тастау, одан әрі кері қайтарып алу;

- «Өтінім кері қайтарылды» мәртебесі кезінде - кері қайтарып алынған өтінімде «Өңдеу» батырмасын басу және «Жоба» мәртебесінде пайда болған өтінімді жылдық жоспарда алып тастау, одан әрі кері қайтарып алу.