Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Құжаттаманы талқылау - Хабарламаны қарау № 129416
Хабарлама тақырыбы
Заңсыз жарияланған конкурстар
Хабарлама типі
КҚ ескертулер
Жеткізуші
"Қызылғұрт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Жеткізуші өкілі
НҰРМАХАН СЫРЫМ БАТТАЛҰЛЫ
Хабарды жіберу күні мен уақыты
2020-01-09 17:35:31
Хабарлама мәтіні
Ұйымдастырушы мекеме тарапынан конкурсқа қатысуға өтінімнің демпингтік бағасын «Көпшілік пайдаланатын қолданыстағы автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмысы (ЖСҚ-сыз жұмыс)» деп айқындағаны анықталды. ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасының» (бұдан әрі – Қағида) 174 тармағына сәйкес, «Әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған қатысуға өтiнiмнiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшiн) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада (жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжат) көрсетілген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады» делінген. ҚР-ның 2001 жылғы 17 желтоқсандағы №245 «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3 бабы 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, сондай-ақ елді мекендердің көшелері болып бөлінеді. Сонымен қатар, Заңның 3 бабы 2 тармағына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары өздерінің маңызы бойынша халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар болып бөлінеді. Бұдан басқа осы Заңның 3 бабы 4 тармағына сәйкес елді мекендердің көшелеріне, осы баптың 2-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген жолдарды қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі автомобиль жолдары жатады делінген. Жоғарыда аталған орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көше, белгілі бір елді мекенінің ішіндегі көше болып табылады, яғни, жалпығаортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары қатарына жатпайтынды. Алайда, Ұйымдастырушы мекеме Қағиданың 174 тармағының талаптарын негізсіз басшылыққа алып, ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 26 бабының және Қағиданың 174-1 тармағының талаптарын сақтамай өтінімнің демпингтік бағасын көрсетілген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады деп негізсіз белгілеген
Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы өкілдерінің, хатшының жауаптары
Күні:
2020-01-13 19:35:00
Автор
МУРАТОВ АСИЛБЕК ЕРКИНБЕКОВИЧ
Шешім:
Представить разъяснение положений конкурсной документации
Түсіндірме мәтін
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 174 тармағына сәйкес «Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған қатысуға өтiнiмнiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшiн) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада (жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжат) көрсетілген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады». Қағиданың 178-1-тармағына сәйкес «Осы Қағидалардың 174-176-тармақтарымен көзделген жағдайларда демпингтік баға ұсынуға рұқсат етілмейді». Техникалық құжаттама, яғни сметалық құжаттама және ақау актілері хабарландыруларда веб-порталда тіркелген.
