Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Құжаттаманы талқылау - Хабарламаны қарау № 104749
Хабарлама тақырыбы
техникалық ерекшелікке өзгерістер енгізуді сұранамыз
Хабарлама типі
КҚ ескертулер
Жеткізуші
"RoyalCompany" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Жеткізуші өкілі
ЕГІЗБАЙ АРЫСЛАН СЕРІКҰЛЫ
Хабарды жіберу күні мен уақыты
2019-04-26 16:30:24
Хабарлама мәтіні
тиісті жауапкершілік деңгейіндегі техникалық қадағалауды орындау жөніндегі аттестатқа ие, құрамында саны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Төрағасының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №257-НҚ бұйрығымен бекітілген әдістемелік құжатына сәйкес сарапшысы бар, Әлеуетті өнім берушілердің біліктілігін және жұмысты атқаруға салыстырып тексеру аспаптары сонымен қатар құрылыс барысында кемшіліктерге жол бермеу үшін сынақ зертханасы болуы міндетті сіздерден техникалық ерекшелікке өзгерістер енгізуді сұранамыз және бақылау мен сынауды бұзылмайтын әдісімен жасалынатын құрал-жабдықтармен қолдануға құқығы бар білікті манандарды қосуыңызды сұранамыз және өздерінің меншік немесе жалға алу құқығында әкімшілік- тұрмыстық үй-жайлардың болуы міндетті сонымен қатар Жедел бақылау өткізу үшін (меншікті немесе жалға алынған), техникалық паспортында тиісті белгісі бар жылжымалы зертхана автокөлік құралы қажет
Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы өкілдерінің, хатшының жауаптары
Күні:
2019-05-03 13:31:38
Автор
АЛПАМЫСОВА ДИНА МЭЛИСҚЫЗЫ
Шешім:
Представить разъяснение положений конкурсной документации
Түсіндірме мәтін
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-НҚ бұйрығы. Бекіту туралы "нормативтік құжаттар бойынша құрылыстағы баға белгілеу" және бұйрыққа 4-қосымшаның құрылыс істері жөніндегі Комитеті төрағасының және "Тапсырыс берушінің жобаларды басқару және құрылысты техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерге арналған шығыстарының лимиті" құрылыстағы инжинирингтік қызметтерге арналған шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжат және Тапсырыс берушінің жобаны басқару және техникалық қадағалау функцияларын жүзеге асыратын қызметкерлер санының нормативтерінің көрсеткіштері (адам) анықтамалық болып табылады."Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" ҚР Заңының 34-1 бабының 2 тармағына сәйкес, "техникалық қадағалау сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырылады", 34-1 бабының 7 тармағына сәйкес "Техникалық және технологиялық жағынан күрделі бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалауды өз құрамында кемінде үш сарапшылары бар, тиісті жауапкершілік деңгейіндегі техникалық қадағалауды орындауға арналған аттестаты бар аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізуі тиіс". Өзге мамандардың болуы бойынша талаптар жоғарыда көрсетілген нормативтік-құқықтық актілерімен қарастырылмаған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 "техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары" бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес және аккредиттеу бойынша талаптарға сәйкес аккредиттеуден өту кезінде техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті материалдық-техникалық жарақтандыру туралы мәліметтерді, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарын ұсынады.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ 9-б.2-т. әлеуетті мердігерлердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейтін және негізсіз қиындататын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
