Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Құжаттаманы талқылау - Хабарламаны қарау № 104745

Хабарлама тақырыбы
Техникалық ерекшелікке әлеуетті өнім берушілерге талап қойылсын

Хабарлама типі
КҚ ескертулер

Жеткізуші
"RoyalCompany" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жеткізуші өкілі
ЕГІЗБАЙ АРЫСЛАН СЕРІКҰЛЫ

Хабарды жіберу күні мен уақыты
2019-04-26 16:14:42

Хабарлама мәтіні
Әлеуетті өнім берушілердің біліктілігін және жұмысты атқаруға салыстырып тексеру аспаптары сонымен қатар құрылыс барысында кемшіліктерге жол бермеу үшін сынақ зертханасы болуы міндетті сіздерден техникалық ерекшелікке өзгерістер енгізуді сұранамыз және бақылау мен сынауды бұзылмайтын әдісімен жасалынатын құрал-жабдықтармен қолдануға құқығы бар білікті манандарды қосуыңызды сұранамыз


Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы өкілдерінің, хатшының жауаптары

Күні:
2019-05-03 13:32:57

Автор
АЛПАМЫСОВА ДИНА МЭЛИСҚЫЗЫ

Шешім:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Түсіндірме мәтін
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" ҚР Заңының 34-1 бабының 2 тармағына сәйкес, "техникалық қадағалау сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырылады", 34-1 бабының 7 тармағына сәйкес "Техникалық және технологиялық жағынан күрделі бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалауды өз құрамында кемінде үш сарапшылары бар, тиісті жауапкершілік деңгейіндегі техникалық қадағалауды орындауға арналған аттестаты бар аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізуі тиіс". Өзге мамандардың болуы бойынша талаптар жоғарыда көрсетілген нормативтік-құқықтық актілерімен қарастырылмаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 "техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары" бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес және аккредиттеу бойынша талаптарға сәйкес аккредиттеуден өту кезінде техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті материалдық-техникалық жарақтандыру туралы мәліметтерді, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарын ұсынады. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ 9-б.2-т. әлеуетті мердігерлердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейтін және негізсіз қиындататын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.