Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Құжаттаманы талқылау - Хабарламаны қарау № 84020

Хабарлама тақырыбы
Жұмыс тәжірибесінің дәлеліне қосымша құжаттардың сұратылмауы

Хабарлама типі
КҚ түсіндіру бойынша сұрау

Жеткізуші
"SCS Инжиниринг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жеткізуші өкілі
БЕКБАУОВ РУСЛАНБЕК ДАСТАНБЕКОВИЧ

Хабарды жіберу күні мен уақыты
2019-01-21 11:14:05

Хабарлама мәтіні
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамада белгіленген сатып алынатын жұмыстар нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талаптарға сәйкес келуі үшін, орындалған жұмыстарды қабылдау және объектіні пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелерін ұсынуы тиіс делінген. Бұдан басқа жұмыс тәжірибесін растаушы құжаттар салынуы көрсетілмеген. Осыған сәйкес, алдағы таңда нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін есептеу барысында тек жоғарыда көрсетілген құжаттармен есептелінеді ма? Әлде атқарылған нысандар бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы қажет па? Қажет болған жағдайда, бұл қағида немесе заңға қайшы келмейді ма?


Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы өкілдерінің, хатшының жауаптары

Күні:
2019-01-28 19:42:30

Автор
ШӘМШИЕВ ЕРБОЛ РЫСДӘУЛЕТҰЛЫ

Шешім:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Түсіндірме мәтін
Жұмыс тәжірибесін растаушы құжатҚазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығыМемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 5-қосымшасының ескертуінде көрсетілген.
Егер конкурстың нысанасы жаңа құрылыс болып табылған жағдайда жаңа объектілер құрылысының жұмыс тәжірибесі ғана ескеріледі.Құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесі құрылыс объектілерінің функционалдық мақсаты мен салалық тиесілілігіне (құрылыс түрлері бойынша бұдан бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе сәйкестігі) және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған олардың техникалық күрделілігіне сүйене отырып есептеледі.
Әлеуетті өнім берушінің құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесін (құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау) есептеу кезінде жиынтықта:
1) ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты, үшінші – төмендетілген) есептеледі;
2) объектілердің техникалық жағынан күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар);
3) функционалдық мақсаты (өнеркәсіп объектілері, өндіріс ғимараттары, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар);
4) бұрын орындалған жұмыстар конкурс нысанасымен "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Заң) Бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың) Тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің бір түрінде болған жағдайда, олардың ұқсастығы немесе сәйкестігі ескеріледі.