Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Құжаттаманы талқылау - Хабарламаны қарау № 757766
Хабарлама тақырыбы
Техникалық ерекшелік пен квал талап сәйкессіздігі
Хабарлама типі
КҚ ескертулер
Жеткізуші
"JAS QADAM" Қоғамдық Қоры
Жеткізуші өкілі
ШАМШАДИН ЕРСІН БАЛТАБЕКҰЛЫ
Хабарды жіберу күні мен уақыты
2026-06-09 20:08:38
Хабарлама мәтіні
Құрметті Тапсырыс беруші!
Конкурстық құжаттаманы зерделеу барысында техникалық ерекшелік пен біліктілік талаптары арасында сәйкессіздік анықталды.
Техникалық ерекшеліктің 5.1 және 5.2-тармақтарына сәйкес әлеуетті өнім беруші келесі жұмыстарды орындауға міндетті:
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиялық карталарын әзірлеу;
ветеринариялық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыру және күтіп-бағу бағдарламаларын әзірлеу;
заманауи агротехнологияларды енгізу;
ауыспалы егіс жүйесін оңтайландыру;
ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу.
Алайда конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарында тек жобаларды басқару, менеджмент, құқықтану, экономика және маркетинг салаларындағы мамандар қарастырылған.
Бұл ретте агрономия, ветеринария, зоотехния немесе ауыл шаруашылығы бағытындағы профильдік мамандарға қойылатын талаптар мүлдем көзделмеген.
Осыған байланысты техникалық ерекшелікте көзделген арнайы ауыл шаруашылығы және ветеринариялық жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететін мамандардың біліктілік талаптарында көрсетілмеуі конкурстық құжаттаманың өзара сәйкестігіне күмән туғызады.
Осыған байланысты:
Біліктілік талаптарын техникалық ерекшелікке сәйкестендіріп, ауыл шаруашылығы саласының профильдік мамандарына қойылатын талаптарды енгізуді;
немесе
Аталған жұмыстарды орындау үшін агроном, ветеринар және өзге де ауыл шаруашылығы саласының мамандарын ұсыну міндетті болып табылмайтыны жөнінде ресми түсіндірме беруді
сұраймыз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасына сәйкес конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берушілер үшін анық, нақты және өзара қайшылықсыз болуы тиіс.

Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы өкілдерінің, хатшының жауаптары
Күні:
2026-06-18 09:25:20
Автор
ӘСІЛХАН ЕРНҰР ҚҰРМАНХАНҰЛЫ
Шешім:
Внести изменения и (или) дополнения в проект конкурсной документации
Енгізілетін өзгерістер сипаттамасы
Сіздің ескертпеңізді қарап, конкурстық құжаттамаға біліктілік талаптары бөлігінде өзгерістер енгізілетінін хабарлаймыз. Атап айтқанда, келесі мамандар қосылды: «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша жоғары білімі бар маман; «Агрономия» мамандығы бойынша жоғары білімі бар маман; «Танаптық дақылдар селекциясы» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі бар маман.