Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Құжаттаманы талқылау - Хабарламаны қарау № 646138
Хабарлама тақырыбы
Демпинг
Хабарлама типі
КҚ түсіндіру бойынша сұрау
Жеткізуші
"Фуд Сервис Қазақстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Жеткізуші өкілі
ПАК АЛЕКСЕЙ МАРИКОВИЧ
Хабарды жіберу күні мен уақыты
2026-05-05 18:39:41
Хабарлама мәтіні
93. Цена заявки на участие в конкурсе потенциального поставщика на оказание услуг по обеспечению питанием, признается демпинговой в случае, если она ниже цены, выделенной на конкурс более чем на десять процентов.
Егер вебпортал автоматты түрде 10% - дан артық түскен әлеуетті өнім берушілерді ұстамаса, артық түсуіне жол берсе, жоғарыда көрсетілген норма қалай жүзеге асырылады? Конкурстық комиссия мүшелері жоғарыда көрсетілген талапты басшылыққа алып әлеуетті 10% - дан артық түскен өнім берушіні құлатуы мүмкін бе? 10% - дан артық түскен әлеуетті өнім берушілер конкурс жеңімпазы болған жағдайда антидемпинг салады ма?
Бұдан бөлек, әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуына байланысты қосымша 2 балл беріледі ме?

Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы өкілдерінің, хатшының жауаптары
Күні:
2026-05-13 15:44:50
Автор
АМАНТАЙ ЕРБОЛ ЕРСҰЛТАНҰЛЫ
Шешім:
Представить разъяснение положений конкурсной документации
Түсіндірме мәтін
Представить разъяснение положений к КД
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығының (бұдан әрі – Қағида) 93 тармағына сәйкес: Егер ол конкурсқа бөлінген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы демпингтік болып танылады.
Мемлекеттік сатып алудың барлық рәсімдері 100% автоматтандырылған. Тамақпен қамтамасыз ету қызметтері үшін демпинг шегі конкурстың жоспарланған бағасынан 10% құрайды. Порталдың алгоритмі баға ұсынысын енгізу кезеңінде-ақ 10%-дан артық төмендетілген бағаны бұғаттайды (жүйе қабылдамайды). Егер порталда техникалық қате болып, мұндай баға өтіп кетсе — бұл заңсыз болып танылады. Сатып алудың заңдылығын бақылауды мемлекеттік аудит органдары мен ішкі аудит қызметі веб-порталдағы деректерді камералдық бақылау (электрондық тексеріс) арқылы автоматты түрде анықтайды және заң бұзушылықты жою туралы нұсқама жібереді.
Конкурстық комиссия мүшелері өнім берушілердің баға ұсыныстарын мүлдем көрмейді және оны қарамайды. Комиссия мүшелері тек біліктілік талаптарын (тәжірибе, техникалық құралдар, ЭЦҚ арқылы расталған еңбек ресурстары) тексереді. Рұқсат берілгеннен кейін, портал бағаларды өзі автоматты түрде анықтайды. Сондықтан комиссияның баға үшін өнім берушіні «құлатуға» құқығы да, техникалық мүмкіндігі де жоқ.
Тамақпен қамтамасыз ету қызметтерінде демпингке мүлдем жол берілмейді. Белгіленген 10%-дық шектен асқан бағаны жүйе заңсыз деп танығандықтан, жеткізуші антидемпинг төлеп келісімшарт жасай алмайды. Мұндай жағдайда сатып алудың қорытындысы жойылуы тиіс.
Қағиданың 261 тармағына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсаттары үшін жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларында тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте әлеуетті өнім берушінің болуы түріндегі конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес қолданылады. Егер жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома осы Қағидалардың 8-қосымшасында көзделген мемлекеттік сатып алу сомасының шегінен аспаған және әлеуетті өнім беруші облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларында жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтер орны бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болған жағдайда, онда мұндай әлеуетті өнім берушіге екі пайыздық шартты жеңілдік (2 %) тағайындалады.