Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Құжаттаманы талқылау - Хабарламаны қарау № 572380
Хабарлама тақырыбы
Жұмыс өтілі бойынша
Хабарлама типі
КҚ түсіндіру бойынша сұрау
Жеткізуші
"Кызылорда-ЭМС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Жеткізуші өкілі
УРАЗАЛИЕВА ЭЛЬМИРА ЕРГАЛИЕВНА
Хабарды жіберу күні мен уақыты
2025-12-30 13:24:38
Хабарлама мәтіні
Мектеп бойынша көрсетілген қызмет актілері 2023 жылдың наурыз, сәуір, мамыр, шілде, қазан және желтоқсан айларына ғана немесе 6 айға ғана қатысты ұсынылған. Бұдан бөлек, актілерді зерттеу барысында автоматты түрде мемлекеттік сатып алу веб-порталымен толтырылатын «қызмет көрсету күні/кезеңі» тек ақпан, сәуір, маусым, қыркүйек, қазан, қараша және желтоқсан айларын немесе 7 айды ғана қамтыған.
Осы ретте комиссия неше айға актілерді қабылдайды 6 айға ма әлде 7 айға ма?
Осы ретте комиссия неше айға актілерді қабылдайды 6 айға ма әлде 7 айға ма?
Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы өкілдерінің, хатшының жауаптары
Күні:
2026-01-13 16:48:56
Автор
СӘДІР БАУЫРЖАН ТЕМІРХАНҰЛЫ
Шешім:
Представить разъяснение положений конкурсной документации
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларының 7-қосымшасына сәйкес, жұмыс тәжірибесінің болуы орта мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша бұрын жасалған шарттардың көшірмелерімен, осы шарттардың орындаудың әрбір айы үшін көрсетілген қызметтер актілерімен және шот-фактуралармен, мемлекеттік заңды тұлғалардың асханаларын мүліктік жалдау (жалға беру) шарттарының көшірмелерімен расталады. Әрі Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі – әр 8 айға 1 балдан есептелетіндігі айқындалған. Сондықтан, конкурстық комиссия қолданыстағы заңнама талаптары негізінде шешім қабылдайды.
