Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 275438

Тема сообщения
Құрылыс жұмыстарына рұқсаты бойынша

Тип сообщения
Запрос о разъяснении КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "RAZZAK Construction"

Представитель поставщика
ИСАЕВ АСАН МАРАЛБЕКОВИЧ

Дата и время отправки сообщения
2022-09-26 16:40:05

Текст сообщения
Біліктілік талаптарына құрылыс жұмыстары бойынша 3-ші санатты лицензия сұратылған. 1-ші санатты лицензиясы бар әлеуетті өнім беруші қатыса ала ма? Немесе, тек 3-ші санатты лицензиясы бар мекеме қатысу керек пе?


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2022-09-30 11:23:21

Автор:
АЙТІШ ӘДІЛЕТ ҚАНАТҰЛЫ

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңының 32-бабы 2-тармағына сәйкес, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметін және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай санаттарға бөлінеді:
I санат – осы тармақта аталған, қолда бар лицензиясы шеңберінде барлық жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті жүзеге асырады;
II санат – осы тармақта аталған, екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады;
III санат – осы тармақта аталған, техникалық қиын емес екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады.
Осыған сәйкес, «Арал ауданы Арал қаласындағы Жалаңтөс Баһадүр алаңының аумағын абаттандыру» жұмыс жобасы бойынша 02.09.2022 жылғы №Фрост-0112/22 Қорытындысының 7.1-тармағына сәйкес, объекті техникалық жағынан күрделілерге жатпайтын жауапкершілігі II (қалыпты) деңгейге жатқызылуына байланысты, өткізіліп жатқан мемлекеттік сатып алуға
I немесе II немесе III категориялы құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензиясы бар әлеуетті өнім берушілер қатыса алады.