Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 258597

Тема сообщения
Разрешения первой категории (Лицензии)

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "Asia Group Invest"

Представитель поставщика
СҰЛТАНБЕКҚЫЗЫ ӘСЕЛ

Дата и время отправки сообщения
2022-05-23 20:28:59

Текст сообщения
A16 - Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға, A16B - Иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау талабы мүлдем орынсыз Себебі атаулы "A16B - Иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау" Медициналық турде яғни Медициналық аппараттарды бақылау саласы бойынша ұсынылатын рұхсат құжаты. Құрылыс жұмыстарына "Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға- Обращение с приборами и установками, генерирующими ионизирующее излучение, -Использование приборов и установок, генерирующих ионизирующее излучение -Переносных рентгеновских дефектоскопов" нұсқасын қарастыру қажет. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалар бойынша құрылыс (құрылыс, монтаждау және жобалау жұмыстары) саласында жұмыстарды орындауға рұқсат құжаттарын өзгертулерін талап етемін. Қазақстан Республикасының заңын белінен басуға, бұрмалауға ешкімін құқығы жоқ.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2022-05-26 09:45:39

Автор:
ШӘМШИЕВ ЕРБОЛ РЫСДӘУЛЕТҰЛЫ

Решение:
Отклонить замечания

Причина отклонения
Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы және лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі «Иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау» Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет.
Себебі, сметалық құжаттаманың 5-бөлімінің 7-бөлімшесіне «Контроль сварных соединений» сәйкес дәнекерлеу қосылыстарының сапасын радиографиялау әдісімен бақылау бойынша жұмыстар көзделген.
Сонымен бірге, бұл талап әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектемейді және қиындатпайды, өйткені осы лицензия болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші жұмыстарға қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартуға құқылы.
Бұл ретте, конкурстық құжаттамаға сәйкес, егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады.