Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 121568
Тема сообщения
Заң бұзушылықтарды жоюды сұранамыз!!!
Тип сообщения
Замечание к КД
Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "BARAT & CO"
Представитель поставщика
КАЛМЫРЗАЕВ ЖОМАРТ АМАНГЕЛЬДИЕВИЧ
Дата и время отправки сообщения
2019-09-27 13:09:00
Текст сообщения
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 28.02.2019 жылғы №157 бұйрығымен «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1127 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Онда құны қырық мың еселенген АЕК мөлшерінен асатын жұмыстар - облыстық деңгейдегі біріңғай ұйымдастырушымен өткізілуі тиіс делінген.Сонымен қатар осы ұйымдастырылып отырған конкурс атауы жасырылып, толық сипатталмаған, сараптама қорытындысы (экспертиза) салынбаған. Жоғарыда аталған кемшіліктерді жоюды сұранамыз.
Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря
Дата:
2019-09-30 11:16:06
Автор:
АЙДЫНБЕК БАҒДАТ ПОЛАТБЕКҰЛЫ
Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации
Текст разъяснения
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығының 4-қосымшасына сәйкес, Мемлекеттік сатып алуды облыс ауданы, облыстық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде 2.1. Жұмыстар: Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын (2.2 және 2.3-тармақтарда көрсетілген жұмыстарды қоспағанда) жұмыстар көрсетілген. Демек, аудандық біріңғай ұйымдастырушы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын (2.2 және 2.3-тармақтарда көрсетілген жұмыстарды қоспағанда) жұмыстарды сатып алуды жүзеге асырады. Сонымен қатар, Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруды және өткізуді облыс ауданы, облыстық маңызы бар қала, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның тиісті әкімдігінің ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілері үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары жүзеге асырады (оның ішінде аудандық коммуналдық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар). Лот атауы лоттар бөлігінде қосымша сипаттамада көрсетілген. Сараптама қорытындысы құжаттамада, Ведомстводан тыс кешенді сараптама жасасу бөлігінде тіркелген(Қосымша 2-2 (Техникалық ерекшелік) немесе Жобалық-сметалық құжаттама/Техникалық-экономикалық негіздеме бөлігінде смета тіркелген).
