Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 96992

Тема сообщения
Изыскательская деятельность

Тип сообщения
Запрос о разъяснении КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "Намыс - Құрылыс"

Представитель поставщика
ӨТЕУЛІ ӘБДІМӘЛІК СӘДУАҚАСҰЛЫ

Дата и время отправки сообщения
2019-03-06 13:30:06

Текст сообщения
Жоба-сметалық құжаттарын дайындар алдында бөлінген жер участкасының егжей-тегжейлі зерттеліп дайындалады.
Жоба-сметалық құжаттарды сараптамадан (экспертиз) өткізіп қортындыда (заключение) бәрі көрсетіліп жазылған. Сол себепті Іздестіру қызметі лицензиясы (Изыскательская деятельность) не себепті қажет?
Жоба-сызбасында көрсетілген отметка байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2019-03-07 11:17:11

Автор:
ҚАЛИ АЙНҰР АСҚАРБЕКҚЫЗЫ

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Текст разъяснения
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 88-нқ бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 мамырда № 16863 болып тіркелді) Қазақстан Республикасының 1.03-01-2018 "Геодезиялық қызмет және құрылыстағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру" құрылыстағы басшылық құжатының (ҚР 1.03-01-2018 ҚБҚ) 8-ші тармағына сәйкес: Құрылыс процесіндегі геодезиялық жұмыстар, ғимараттың (имарат) геометриялық параметрлерінің дәлділігін геодезиялық бақылау және атқарушы түсірілімдер ұйымның мердігерлері мен бас мердігерлердің геодезиялық қызметімен орындалады.
ҚР 1.03-01-2018 ҚБҚ-ның 4-ші тармағына сәйкес геодезиялық қызметтің функцияларына мыналар жатады:
құрылыстың барлық сатысындағы инженерлік-геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
тапсырыс берушіге бөлу негіздерін сол қалпында бекіту туралы ақпаратты акт бойынша өткізу;
координаталардың және қада белгілері, құрылыс торлары, сұлбалар мен абристер орындарының биіктігі және олардың орналасуы катологтарын, жоспарлары мен профилдерін, негізгі коммуникация жолдарын, құрылыс басталғанға дейін геодезиялық іздестіру туралы қысқаша есепті жасау;
бас жоспар мен бөлу сызбаларын жобалау ұйымдарының сапалы және дұрыс құрастыруын бақылау;
атқарушы түсірілім мен есептік құжаттама жасау.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес инженерлiк-геологиялық әзiрлемелердi, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекiту арқылы нақтыға көшірумен байланысты байланысты геодезиялық жұмыстар лицензияланатын қызмет түрі болып табылады.