Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 64295

Тема сообщения
Материалдық және еңбек ресурстары бойынша

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
ИП Ахан

Представитель поставщика
УТЕГЕНОВ АХАН ЕСЕНТАЕВИЧ

Дата и время отправки сообщения
2018-05-13 15:55:13

Текст сообщения
Техникалық ерекшелікте материалдық ресурстар бойынша талаптарда, әлеуетті өнім берушіде 2 (екі) бірліктен кем емес жеңіл автокөліктің болу тиіс деп белгіленген. Каналдарды рәсімдеуге қатысты жерге орналастыру жұмыстары негізінен далалық жерде жүргізіледі, және оған жеңіл автокөліктердің талап етілуі түсініксіз. Осыған сәйкес, жоспарланған жұмыстарды орындауға қажетті автокөліктердің, құрал-сайман қондырғылардың атауы, түрлері мен саны нақты белгіленіп көрсетілсе. Сонымен бірге, ҚР ҰЭМ 06.05.2015 жылғы № 379 бұйрығымен бекітілген Жерге орналастыру жобасын әзірлеудегі жүрргізілетін жерге орналастыру жұмыстарының түрлері мен ауқымы толық белгіленген. Оның ішінде, бұл салаға қатысты емес геодезист-картограф мамандарының қатысуы қарастырылмаған. Осы мәселелерді қайта қарап, техникалық ерекшеліктерге тиісті өзгерістерді енгізуді сұраймыз.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2018-05-15 16:01:28

Автор:
ТӨЛЕГЕН ЖАНАТ ЕРКІНҚЫЗЫ

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Текст разъяснения
Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік сатыып алуды жүзеге асыру қағидаларының 85-1 тармағына сәйкес "Тапсырыс берушіге шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық жәнееңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі делінген".Техникалық ерекшелікте материалдық ресурстар бойынша 2 (екі) бірліктен кем емес жеңіл автокөлікті сұрату себебі – құжаттандырылатын су шаруашылығы нысандарының ара қашықтығы біршама алыс орналасқан және осы жерлердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің планы мен картасын салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын еңбек ресурстары бойынша сұратылған тиісті мамандармен бірге бару үшін, сонымен бірге, сұратылған материалдық ресурстарын тасымалдау үшін автокөлікті қажет етеді.
Сондай-ақ, геодезия және картография біліктілігіне ие мамандардың сұрату себебі – техникалық ерекшелікте көрсетілгендей жерге орналастыру жобасының жоспарлау-картографиялық материалдарының түрлі-түсті басылымын жасау үшін және жергілікті жерде далалық жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу үшін GPS геодезиялық құралдарын пайдаланады. Геодезия және картография мамандығы өз кезегінде объектілердің орналасуларын және оларды кеңістік пен уақытта басқаруды; геодезиялық қаматамасыз етудің бүгінгі күнгі технологияларын жасауды; геодезияның және онымен байланысты ғылымдардың (гравимертия мен Жер кескіні теориясының, ғарыштық геодезия және астрономияның) - басты ғылыми мәселесі – Жер кескінін параметрлері (оның пішіні мен мөлшерлерін) анықтауды, сыртқы гравитациялық өрісті және оның уақыт бойынша өзгеруін анықтауды; глобалдық, ұлттық (мемлекеттік) және жергілікті жоғарғы дәлдікті тіректік геодезиялық торларды астрономдық-геодезиялық, гравиметриялық және глобалдық навигациялық серіктік жүйелерді (ГЛОНАСС, GPS және т.б.) кешенді түрде қолданып құруды; түрлі мақсаттағы және масштабтағы арнайы сандық карталарды және басқа картографиялық өнімдерді жасау үшін геодезия және картография біліктілігіне ие маман қажет.