Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 4680
Тема сообщения
Тех спец
Тип сообщения
Замечание к КД
Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "Концерн Эверест"
Представитель поставщика
ЖУРКАБАЕВА НУРИЛА ЖУМАХАНБЕТОВНА
Дата и время отправки сообщения
2016-02-22 12:35:56
Текст сообщения
Согласно Закона РК "О государственных закупках" просим Вас предоставить техническую спецификацию на государственном языке
Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря
Дата:
2016-02-25 19:20:32
Автор:
ОСПАНОВ АРМАН ЖУНУСОВИЧ
Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации
Текст разъяснения
Материалдарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне жазбаша аудару бойынша қызмет көрсетуге арналған техникалық ерекшелік
Аударма қызметін көрсетушіге қойылатын талаптар
Алдындағы тапсырыс берушілердің ұсыныс хаттары (мейлінше)
Аудару жылдамдығы бос орындарды есептемегенде бір парақтағы символдардың саны 1 800 таңбадан кем болмаған кезде күніне 500 парақтан кем емес;
Медициналық терминологияны білу;
Экономикалық терминологияны білу;
Заң саласындағы терминологияны білу;
Мына бағыттар бойынша мәтіндерді, құжаттарды жазбаша техникалық аудару бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы: медицина, фармакология, фармацевтика, юриспруденция, мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен хат алмасу.
Тапсырыс берушінің талабы бойынша аударма Microsoft Office форматындағы электрондық жеткізгіштегі қосымшасы қоса беріліп жазбаша түрде ұсынылады, шрифттері мен басқасы ұсынылған дереккөздің форматымен бірдей болуы тиіс (бірдейлігін қамтамасыз ету мүмкін болмаса, ұқсас болуы тиіс);
Кестелердің аудармалары MS Excel форматында, «Time New Roman» 10 шрифтімен ұсынылады.
Қызмет беруші өтінім алған сәттен бастап қызмет көрсетуге кірісуге міндеттенеді.
Тапсырыс беруші аударманы сапасыз деп белгілеген жағдайда, қайта аудару Өнім берушінің есебінен жүргізіледі.
Аудармада:
қандай да болмасын екі ұшты және түсініксіз тұжырымдамалардың болмауы;
синтаксистік құрылым барынша қарапайым болуы;
сыналушылардың әртүрлі түсінігін тудыратын сөздердің, сондай-ақ еске түсіруші болып табылатын сөздердің қолданылмауы;
қос терістеулердің болмауы тиіс.
Көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар:
Құжат мәтіндерінің орыс тілінен мемлекеттік тілге аудармасы дәл, толық, қазақ әдебиетінің медицина, экономика, заң саласындағы нормалары мен қағидаларына сәйкес болуы, ресми-іскерлік стильде жазылуы тиіс.
Бастапқы мәтіннің қандай-да бір үзінділерін тастап кетуге, сондай-ақ сильдерді араластыруға және мағынасын бұрмалауға рұқсат етілмейді.
Қызмет беруші мәтіндегі терминологияны редакциялау мен біріздендіруді және оны бірыңғай мазмұндау стиліне келтіруді қоса алғанда, құжаттарды сапалы аударуды орындайды.
Тест тапсырмаларының мәтінін аудармасы (бұдан әрі - аударма) грамматикалық ережелер сақталып жүргізілуі тиіс.
Құжаттарды аудару сауатты орындалуы және аударма жасалып отырған саланың өзіндік ерекшеліктері ескеріліп (аударма мәтінінің түпнұсқалылығы) анық мазмұндалуы, қабылдау үшін түсінікті болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметтерді Тапсырыс берушінің өтінімінде көрсетілген мерзімдер мен көлемде жүзеге асыру;
Сапасы бойынша аударманы тексерілуіне қарай, Тапсырыс беруші Орындаушыға наразылық білдіре алады (аударманың түпнұсқалылыққа сәйкессіздігі)
Қосымша ақпарат (аударуға арналған материалдардың атаулары):
Экономикалық зерттеулер орталығының Қазақстан Республикасының Ұлттық денсаулық сақтау шоттары. 2010-2014 жылдар бойынша денсаулық сақтау шығыстарына шолу жөніндегі есебін аудару;
Медицина қызметкерлеріне арналған №10 дәрілік бюллетенді аудару (2016 жылдың 2-тоқсаны);
Медицина қызметкерлеріне арналған №11 дәрілік бюллетенді аудару (2016 жылдың 4-тоқсаны);
Халыққа арналған №15 дәрілік бюллетенді аудару (2016 жылдың 2-тоқсаны);
Халыққа арналған №16 дәрілік бюллетенді аудару (2016 жылдың 4-тоқсаны);
Әдістемелік ұсынымдарды аудару (2016 жылдың 4-тоқсаны);
Жыл бойы ғылыми мақалаларды аудару.
Әдістемелік ұсынымдарды, мақалаларды, оқу бағдарламаларын, бұйрықтарды және денсаулық сақтау менеджменті саласындағы кез келген басқа да құжаттар мен мәтіндерді редакторлық және стилистикалық өңдей отырып, бастапқы мәтіндегі ойды толық жеткізе отырып, бір сөзді қадырмай, қатесіз қазақ тілінен орыс тіліне (және керсінше) кәсіби аудару.
Медицина саласындағы тест тапсырмаларын орыс тілінен мемлекеттік тілге жазбаша аудару қызметтерін көрсетуге арналған қосымша техникалық ерекшелік
1. Тест тапсырмалары мәтіндерінің орыс тілінен мемлекеттік тілге аудару (бұдан әрі - аударма) грамматикалық ережелерді сақтай отырып жүргізілуі тиіс.
2. Аударма мынадай көлемде жасалуы тиіс:
- интернатура бағыты бойынша – 280 тест тапсырмасы орыс тілінен мемлекеттік тілге (1 парақта бос орындарды есептемегенде 1800 таңба, шрифт «KZTimesNewRoman», шрифттің өлшемі «14», жол аралық интервал «Жалаң»);
- резидентура мамадықтары бойынша – 1520 тест тапсырмасы орыс тілінен мемлекеттік тілге (1 парақта бос орындарды есептемегенде 1800 таңба, шрифт «KZTimesNewRoman», шрифттің өлшемі «14», жол аралық интервал «Жалаң»);
- медицина колледжінің түлектеріне арналған - 1200 тест тапсырмасы орыс тілінен мемлекеттік тілге (1 парақта бос орындарды есептемегенде 1800 таңба, шрифт «KZTimesNewRoman», шрифттің өлшемі «14», жол аралық интервал «Жалаң»).
3. Аударма лексикалық сауатты құрастырылуы тиіс.
4. Аудару кезінде көпшілік мақұлдаған қазіргі заманғы медициналық атаулар және қазақ тіліндегі медиицналық терминология ғана қолданылуы тиіс.
5. Аудару кезінде тест тапсырмаларында тұжырымдалған ой екі ұшты және түсініксіз болмауы тиіс.
6. Аударманың синтаксистік құрылымы барынша қарапайым болуы тиіс.
7. Аудару кезінде сыналушылардың әртүрлі түсінігін тудыратын сөздерді, сондай-ақ еске түсіруші болып табылатын сөздерді қолдануға болмайды.
8. Аудару кезінде қос терістеулердің болмауы тиіс.
9. Аударма тест тапсырмалары мен жауаптарын ұсынудың бірыңғай стилін ұстануы тиіс.
Көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар
Орындаушының міндеттері:
2016 жылғы «1» сәурден бастап «3» мамырға дейінгі мерзімде 2015-2016 оқу жылының интернатура және резидентура түлектеріне «интернатура бағыттары бойынша» және «резидентура мамандықтары бойынша» тәуелсіз емтихан жүргізуге арналған тест тапсырмаларын мемлекеттік тілге аударуды қамтамасыз ету;
1. 2016 жылғы «7» қазаннан бастап «7» қарашаға дейінгі мерзімде «медицина колледжінің түлектеріне» арналған тест тапсырмаларын мемлекеттік тілге аударуды қамтамасыз ету.
2. Мынадай бағыттар бойынша интернатураға арналған тест тапсырмаларын (МЖМБС - 2006 ж.) аударуды жүзеге асыру:
1) терапия;
2) педиатрия;
3) хирургия;
4) акушерлік және гинекология;
5) жалпы дәрігерлік практика;
6) стоматология.
3. Резидентура мамандықтары бойынша аудармаларды жүзеге асыру:
1) терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және шұғыл медиицналық көмек, диетология);
2) жалпы дәрігерлік практика (отбасы медицинасы);
3) кардиология (ерсектер, балалар), соның ішінде интервенциялық;
4) ревматология (ересектер, балалар);
5) аллергология және иммунология (ересектер, балалар);
6) гастроэнтерология (ересектер, балалар);
7) гематология (ересектер);
8) онкология және гематология (балалар);
9) пульмонология (ересектер, балалар);
10) эндокринология (ересектер, балалар);
11) нефрология (ересектер, балалар);
12) фтизиатрия (ересектер, балалар);
13) кәсіби патология (еңбек медицинасы);
14) жұқпалы аурулар (ересектер, балалар);
15) невропатология (ересектер, балалар);
16) психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама);
17) медициналық оңалту, қалпына келтіріп емдеу (физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология) (ересектер, балалар);
18) сәулелі терапия (радиология);
19) сәулелі диагностика (рентгенология, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, радиоизотоптық диагностика);
20) функционалдық диагностика;
21) спорттық медицина;
22) клиникалық фармакология;
23) төтенше жағдайлар және апаттар медицинасы;
24) анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар);
25) кардиохирургия (ересектер, балалар);
26) ангиохирургия (рентгенохирургия, интервенциялық хирургия) (ересектер, балалар)
27) нейрохирургия (ересектер, балалар);
28) жақ сүйек-бет хирургиясы (ересектер, балалар);
29) онкология (химиотерапия, маммология) (ересектер);
30) травматология-ортопедия (камбустиология) (ересектер, балалар);
31) урология және андрология (ересектер, балалар);
32) офтальмология (ересектер, балалар);
33) оториноларингология (сурдология) (ересектер, балалар);
34) сот-медициналық сараптама;
35) педиатрия (жедел және шұғыл медициналық көмек);
36) неонатология;
37) балалар психиатриясы (наркология, психотерапия, медициналық психология,сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама);
38) балалар хирургиясы (неонаталдық);
39) акушерлік және гинекология (балалар гинекологиясы);
40) медициналық генетика.
Мына мамандықтар бойынша медицина колледжінің түлектері үшін аудармалар жасау:
1) Зертханалық диагностика (зертханашы, дәрігер зертханашының көмекшісі);
2) Емдеу ісі (фельдшер, жалпы практика фельдшері);
3) Акушерлік іс (акушер, жалпы практика акушері);
4) Гигиена және эпидемиология (санитарлық фельдшер, санитарлық дәрігердің көмекшісі, зертханашы, дәрігер эпидемиологтың көмекшісі, энтомолог);
5) Стоматология (тіс дәрігері, дантист, стоматологтың ассистенті);
6) Стоматологиялық ортопедия (тіс технигі);
7) Мейірбике ісі (мейірбике/мейіргер, мамандандырылған медициналық);
8) сестра/брат, жалпы практикадағы мейірбике/мейіргер, салауатты өмір салтын қалыптастыру мейірбикесі/мейіргері, медициналық статистик);
9) Фармация (фармацевттің ассистенті, фармацевт).
4. Шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша, зертханалық зерттеулер бойынша клиникалық көрсетілімдерді аударуды жүзеге асыру.
Аудармашының біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:
• Орындаушының филологиялық немесе педагогикалық жоғары білімі болуы тиіс.
• Орныдаушы арнайы медициналық медицинскую терминологияны білуі тиіс.
• Орыс және қазақ тілдерін еркін меңгерген болуы тиіс.
• Орыс және қазақ тілдерінің грамматикасын, лексикасы мен стилистикасын жоғары деңгейде меңгеру.
• Қазақ тіліндегі қазіргі заманның медициналық терминологиясын еркін меңгеру.
• Денсаулық сақтау саласындағы аудармашы ретіндегі жұмыс тәжірибесі 3 жылдан артық болғаны дұрыс.
• Microsoft Office бағдарламаларында немесе ұқсас бағдарламалары бойынша компьютермен жұмыс жүргізу дағдыларының озық болуы.
• TM, SDLTRADOS сияқты арнайы аударма бағдарламаларымен жұмыс жасау дағдыларының болғаны дұрыс.
Қосымша шарттар
Орындаушы:
1. Мемлекеттік тілдегі тест тапсырмаларының аудармасын қағаз және электрондық жеткізгіште ұсынуы;
2. Жұмыс аяқталғаннан кейін барлық жұмыс материалдарын, тест тапсырмаларын, клиникалық көрсетілімдерді және олардың аудармасын Тапсырыс берушіге тапсыруы;
3. Қызмет көрсеткеннен кейін жұмыс материалдарын, тест тапсырмаларын, клиникалық көрсетілімдерді және олардың аудармасын, сондай-ақ олардың электрондық нұсқасын жойып жіберулері;
4. Тест тапсырмаларын мемлекеттік тілге аударған кезде қатаң құпиялылықты сақтауы және олардың мазмұнын жария етпеуі тиіс.
Орындаушыға:
1. Жұмыс материалдарын, тест тапсырмаларын, клиникалық көрсетілімдерді және олардың аудармасын үшінші немесе өзге де тұлғаларға беруге;
2. Жұмыс материалдарын, тест тапсырмаларын, клиникалық көрсетілімдерді және олардың аудармасын көшіруге, көбейтуге тыйым салынады.
Аударуға арналған парақтардың жалпы саны – 13 558 парақ.