Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 1066075
Тема сообщения
5 позиция бойынша
Тип сообщения
Замечание к КД
Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "IDea Trade"
Представитель поставщика
ҰЗАҚ ҚАНАТ ӘБДІСАЛАНҰЛЫ
Дата и время отправки сообщения
2026-08-25 14:17:00
Текст сообщения
№5 еңбек ресурсына қатысты: 8-қосымшада «Проф бухгалтер» бағдарламасының тренеріне бір мезгілде жоғары заң білімі, бухгалтерлерді ұлттық және халықаралық сертификаттау саласындағы маман, ҚР кәсіби бухгалтері және салық салу саласындағы сарапшы болу талаптары қойылған.
Аталған талаптардың жиынтығы оқыту қызметінің мазмұнынан тікелей туындамайды. Техникалық ерекшелікте тренерге оқыту бағдарламасының тақырыбына сәйкес кәсіби білім мен құзыреттіліктің болуы ғана белгіленген.
ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 11-бабы 3-тармағына сәйкес біліктілік талаптары шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттілігінен тікелей туындауға тиіс.
Осы ретте түсініксіз мәселе туындайды: кәсіби бухгалтерлерді оқыту үшін не себепті бухгалтерлік және салық салу саласындағы кәсіби құзыретпен қатар жоғары заң білімі міндетті талап ретінде қойылған? Кәсіби бухгалтерлерді тиісті кәсіби біліктілігі бар маман оқытуы қисынды болған жағдайда, заңгерлік білімнің бұл қызметті көрсетуге қажеттілігі негізделмеген.
Осыған байланысты жоғары заң білімі, бухгалтерлерді ұлттық және халықаралық сертификаттау саласындағы маман және салық салу саласындағы сарапшы болу туралы техникалық ерекшелікте көзделмеген қосымша талаптарды алып тастап, еңбек ресурстарына қойылатын талаптарды техникалық ерекшелікке сәйкестендіруді талап етеміз.