Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 1066072

Тема сообщения
Еңбек біліктілігі туралы

Тип сообщения
Запрос о разъяснении КД

Поставщик
Томирис

Представитель поставщика
ЖАЙЛАУБЕКОВА ГАЙНИ СЕРИКХАНОВНА

Дата и время отправки сообщения
2026-08-25 13:35:53

Текст сообщения
ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 11-бабы 3-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 75-тармағына сәйкес біліктілік талаптары әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектемеуге және шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттілігінен тікелей туындауға тиіс.

8-қосымшадағы еңбек ресурстарына қойылатын талаптарда бірқатар мамандарға «оқыту тәжірибесі», «практикалық жұмыс тәжірибесі», «тренингтерді әзірлеу және өткізу тәжірибесі» сияқты қосымша талаптар қойылған. Атап айтқанда, кадрлық есеп бойынша маманнан кадрлық іс жүргізу және еңбек заңнамасы бойынша оқыту тәжірибесі, заңгерден мемлекеттік сатып алу бойынша оқыту тәжірибесі және мемлекеттік сатып алу саласында практикалық жұмыс тәжірибесі, IT мамандарынан жасанды интеллект бойынша тренингтерді әзірлеу және өткізу тәжірибесі, электрондық құжат айналымы бойынша маманнан Documentolog және «e-Otinish» жүйелерімен жұмыс істеудің расталған практикалық тәжірибесі және оқыту тәжірибесі, коммуникациялар бойынша маманнан тренингтер, семинарлар және оқыту бағдарламаларын әзірлеу және өткізу тәжірибесі сұралған. Алайда техникалық ерекшелікте тренерлерге қойылатын талап оқыту бағдарламасының тақырыбына сәйкес кәсіби білім мен құзыреттіліктің болуы ретінде белгіленген, нақты жұмыс өтілі немесе белгілі бір тәжірибені міндетті түрде растау талабы көзделмеген.

Бұл ретте қосымшада қызметкердің жұмыс өтілі сұралмаған.

Сондықтан заңдылық талаптарына сай келмеуіне байланысты, техникалық ерекшелік талаптарымен сәйкестендіруді, техникалық ерекшелікте көзделмеген нақты еңбек/оқыту тәжірибесіне қойылатын қосымша талаптарды алып тастауды сұраймыз.