Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 1065239

Тема сообщения
Бөлінген қаржы.

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "Медиком KZ"

Представитель поставщика
АЛЬШЕРОВ АСЫЛМУРАТ НАСИРХАНОВИЧ

Дата и время отправки сообщения
2026-08-17 09:05:41

Текст сообщения
«Медиком KZ» ЖШС-гі бір данаға бөлінген қаржы – 7200000 теңге (5% ҚҚС қосқанда 7560000 теңге) тым төмен екендігін хабарлайды.
Бүгінгі күнде кохлеарлы импланты бар адамның сөйлеу процессорын ауыстыру және баптау бір данасына шамамен 8400000 теңгені құрайды (5% ҚҚС есептегенде).
Осыған байланысты, бөлінген қаржыны қайта қарап, оны нарықтық бағаға дейін көтеруді сұраймыз.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2026-08-18 17:31:22

Автор:
ӨМІРЗАҚОВА АЙДАНА БЕРДІРАХМАНҚЫЗЫ

Решение:
Отклонить замечания

Причина отклонения
Сіздің кохлеарлық импланты бар адамдардың сөйлеу процессорын ауыстыру және баптау қызметінің бір данасына бөлінген бюджет қаражатының мөлшерін қайта қарау туралы өтінішіңіз қаралды.
Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №31/275-VIII «2026–2028 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» шешіміне сәйкес 2026 жылға аталған қызмет көрсетуге 30 240,0 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты қарастырылған, оның ішінде 4 дана құралға бір бірлігіне 7 560,0 мың теңге мөлшерінде қаржыландыру көзделген.
Сіздің өтінішіңізде қазіргі уақытта кохлеарлық импланты бар адамның сөйлеу процессорын ауыстыру және баптау құны бір данасына шамамен 8 400,0 мың теңгені құрайтыны көрсетілген.
Осыған байланысты, қосымша бюджет қаражатын бөлу мәселесі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралатынын хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 94-бабына сәйкес, жергілікті бюджетті нақтылау қаржы жылы ішінде жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жергілікті бюджеттің бекітілген (нақтыланған) көрсеткіштерін өзгерту процесі болып табылады. Ал Кодекстің 96-бабына сәйкес, жергілікті бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстар тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізіледі және жергілікті бюджетті нақтылау кезінде мәслихаттың тиісті шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Осыған орай, қызметтің нақты нарықтық құнын растайтын құжаттар, оның ішінде өндірушінің немесе ресми дистрибьютордың баға ұсынысы, коммерциялық ұсыныстар және қызмет құнының тиісті есеп-қисабы ұсынылған жағдайда, қосымша қаржы қажеттілігі белгіленген тәртіппен қаралатын болады.
Сонымен қатар, бюджет қаражатын ұлғайту мәселесі ұсынылған есеп-қисаптардың негізділігі, қалыптасқан нарықтық бағалар, бюджет мүмкіндіктері және бюджет заңнамасында көзделген рәсімдер ескеріле отырып шешілетінін хабарлаймыз.