Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 1061337

Тема сообщения
ТС өзгеріс енгізу туралы

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Amina

Представитель поставщика
ДЖУМАГУЛОВА КЛАРА МАКСИМБАЕВНА

Дата и время отправки сообщения
2026-07-09 15:04:26

Текст сообщения
ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНА РАЙДЕРДІ ҚОСУ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЕМЕС.
Барлық еңбек ресурстарынан еңбек өтілі талап етілмеген, неліктен тек фотографтан сұралады?

Материалдық ресурстарда баннер мен фото зона сұралған. Бұл арнайы техникалық құрылғы емес, құрастырылмалы конструкция, баспадан шығатын баннерді қалай ресурс ретінде дәлелдеуге болады?


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2026-07-10 22:13:04

Автор:
КУДАБАЕВА АГНУР АБДИМАНАПОВНА

Решение:
Внести изменения и (или) дополнения в проект конкурсной документации

Описание внесения изменения
Ұсынылған ескертулер бойынша төмендегіні хабарлаймыз. 1. Еңбек ресурстарына қойылатын талаптар туралы. Фотографқа еңбек өтілі бойынша талап қойылуының себебі – көрсетілетін қызметтің сапасын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты. Іс-шараның нәтижесі ретінде ұсынылатын фотоөнімдердің сапасы орындаушының тәжірибесіне тікелей тәуелді. Сондықтан фотографқа қойылған талап әлеуетті өнім берушілерді негізсіз шектеуге емес, көрсетілетін қызметтің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, техникалық сипаттамаға өзгеріс енгізіліп, барлық еңбек ресурстарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестендірілетін болады.
2. Материалдық ресурстар туралы. Баннер мен фотозона өздігінен арнайы техникалық құрылғы болып табылмайды. Алайда олар іс-шараны ұйымдастыру барысында пайдаланылатын материалдық-техникалық қамтамасыз ету элементтері болып табылады. Фотозона құрастырмалы металл немесе алюминий конструкциядан және баннерлік полотнодан тұрады, ал баннер осы конструкцияға бекітіліп, іс-шараны безендіру үшін пайдаланылады. Сондықтан олар техникалық сипаттамада материалдық ресурстар ретінде көрсетілген. Сонымен бірге, ұсынылған ескертулер ескеріліп, материалдық ресурстарға қойылатын талаптардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына толық сәйкестігі қосымша қаралатын болады.